












|
Намаз тақырыбының 1- парағы
1) Намаз 2) Дәрет 3) Нәжәс түрлері 4) Дәрет әдебтері 5) Дәреттің парыздары 6) Дәреттің сүннеттері 7) Мәсіге мәсіх тарту 8) Мәсіге мәсіх тарту шарттары 9) Мәсіхты бұзатын жағдайлар 10) Таңғыш, орауыш сыртынан мәсіх тарту 11) Дәреттен соң айтылатын дұғалар 12) Үзірлі адамның дәреті 13) Дәреттің мәкруһтері 14) Дәретті бұзатын амалдар 15) Дәретінен күмәнданғандағы жағдай 16) Дәретті бұзбайтын жағдайлар 17) Жүнүбтік 18) Истихаза 19) Ғұсыл 20) Ғұсылдың сүннеттері 21) Тәяммүм 22) Тәяммүмның парыздары 23) Тәяммүмның сүннеттері 24) Намаздың ішінде дәрет бұзылуы 25) Азан 26) Азанның шарттары 27) Азан шақыру 28) Азан дұғасы 29) Иқамат (мұны "қамат", "тәкбир") 30) Намаздың шарттары, яғни намаздың тысындағы парыздары 31) Намаз уақыттары 31) Нәпіл намаздарын оқу мәкруһ болатын уақыттар 33) Қаза намаздарын өтеу 34) Намаз рүкндері 35) Намаз уәжіптері |
|
Ислам діні бүкіл адамзатты тура жолға бастау үшін, Аллаһ тағала тарапынан жолшы жұлдыз ретінде пайғамбарлары арқылы жіберген иләһи нұсқауларының кәміл гүлшоғы. |
|
Мекке – дүние жүзі мұсылмандарының қажылық орталығы. Оның төрінде "Аллаһтың үйі" деп аталатын Кәғба орын тепкен. Ол – бүкіл мұсылманның қыбыласы. |
|
Мәдина - Ислам діні қуат алып, жан-жаққа етек жайған құтты мекен - алтын бесік. |
|
1. Ислам сөзінің луғауи (тілдік) мағынасы: Тыныштық, бейбітшілік, бітімгершілік, түрлі жамандықтан аман болу, ихлас, бойұсыну, тәртіптілік. 2. Ислам сөзінің шарғи (шариғат тұрғысындағы) мағынасы: Аллаһ тағаланы жеке-дара тәңір деп сену, осы сенімді нық ұстану, Одан келген үкімдер мен нұсқауларға бойұсыну және оларды шын ықыласпен орындау. Аллаһ тағаланың сүйетін діні - Ислам. Бұл жайлы «Әлі Имран» сүресінің 19- аятында: «Әлбетте, Алла ризалығындағы (сүйікті, таңдаулы) дін - Ислам (діні)» деп үкім берілген. Мұхамедтен (с.ғ.с.) бұрын келген пайғамбарлардың баршасы да Ислам дінін ұстанған. Бұған «Ниса» сүресінің 163- аяты дәлел, онда Аллаһ тағала: «(Ей, Мұхаммед с.ғ.с.) ақиқат: Біз Нухқа (а.с.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ, Ибраһим, Ысмайыл, Исхақ, Яқуб (Жақып) және оның ұрпақтарына және Иса, Әйюб, Юнус (Жүніс), Һарун және Сүлейменге де уахи еттік. Ал Дәуітке Зәбурды бердік» деп үкім берген. |



















|
Мақалаға Өту |