1) Сүре мағыналарына қысқаша түсініктемелер.

        

    2) Сүре мағыналарына тереңдетілген түсініктемелер.  

 

"Фатиха" сүресінің тереңдетілген түсініктемелері негізгі төрт тақырыптан тұрады:

 

    1. "Фатиха" сүресі туралы жалпы мәлімет.   

    2. "Фатиха" сүресінің атаулары.                        

    3. Сүренің сипаттары мен қасиеттері.           

    4. Аяттардың мағыналарына қатысты түсініктер. 

Фатиха сүресінің кеңейтілген түсініктемелері негізгі төрт тақырыптан тұрады:

 

 

  1. "Фатиха" сүресі туралы жалпы мәлімет                         *(1).

  2. "Фатиха" сүресінің атаулары                                                           *(2).

  3. Сүренің сипаттары мен қасиеттері                                 *(3).

  4. Аяттардың мағыналарына қатысты түсініктемелер    *(4). 

 

Оқырман назарына: Аяттардың мағыналарын кеңірек түсіндіру үшін, олардың тұсына арнайы жұлдызды сілтемелер берілген. Сол силтемелер арқылы аяттың сөздері мен сөйлемдеріне жасалған кеңейтілген түсініктемелерді табуға болады   

 

*(1)  Фатиха сүресі туралы жалпы мәлімет

 

Сүренің Мұсхафтағы (Құран кітабындағы) реттік нөмірі 1.

Аяттарының саны: 7.

Кәлималарының (сөздерінің) саны: 27.

Атауларының ең әйгілісі: "Фатиха".

 

    Негізінде жиырмадан астам атауларға ие бұл сүре Құран нұсқаларында көбінесе Мекке мүкәррамада түсірілген делінсе де, кейбір тәпсірлер мен хадистерде Мәдина мүнаууарада екінші рет қайталап түсірілген деп те нақты дәлелдер келтірілген. Кеңірек айтатын болсақ Құртұби тәпсірінде былай делінген:

اختلفوا أهي مكية أم مدنية فقال ابن عباس وقتادة وابن العالية الرياحي واسمه رفيع وغيرهم هي مكية وقال أبو هريرة ومجاهد وعطاء بن يسار والزهري وغيرهم هي مدنية ويقال نزل نصفها بمكة ونصفها بالمدينة حكاه أبو لليث نصربن محمد بن أبراهيم السمرقندي في تفسيره والأول أصح لقوله تعالى ولقد آتيناك سبعا من المثاني والقرآن الكريم والحجر مكية بإجماع  (القرطبى)

Фатиха сүресі Меккеде түсірілген бе, әлде Мәдинада ма?- деген мәселе жайлы сахабалар мен табиғиндер екі түрлі хабар келтірген. Яғни, хазрет Ибн Аббас, хазрет Қатада, хазрет Рафиъ ибн Алийя Әр-райяхи және оларға ілескен басқа да ғалымдар «Бұл сүре Меккеде түсірілген» десе, хазрет Әбу Һүрайра, хазрет Мүжаһид, хазрет Ато ибн Ясар, хазрет Әз-зәхри және бұларға ілескен басқа да ғалымдар «Мәдинада түсірілген» деп хабар келтірген. Сахабалар мен табиғиндерден тұратын бұл адамдар келтірген хабарлардың екеуі де сенімді болғандықтан, Әбу Ләйс Самарқанди өзінің тәпсірінде «Бұл сүренің алғашқы жартысы Меккеде, кейінгі жартысы Мәдинада түсірілген» деп пікір білдірген. Оның бұл сөзімен келіспеген хазрет Құртұби «Меккеде түсірілген» деген пікірді құптап, сөзінің дәлелі ретінде «Әлбетте, Біз саған қайталанатын жетілікті (яғни, қирағаты намаздарда қайталанып оқылатын жеті аятты «Фатиха» сүресін) және ұлық Құранды сыйлық еттік» деген аятты келтірген. Оның пікірінше: «Хижр» сүресі Меккеде түсірілгенін барша ғалымдар бір ауыздан құптаған. Олай болса, Фатиха сүресі де Меккеде назыл етілген. Ал Тәбари, Қазы Байзауи, Ибн Кәсир сияқты мұфәссирлер өз тәпсірлерінде «Бұл сүре әуелі бір рет Меккеде, соң екінші рет Мәдинада қайталап түсірілген» деген де пікірді білдірген.

     Біздің ғұламаларымыз да олардың бұл пікірлерін жоққа шығармайды. Осы мәселе туралы хазрет Нәсәфи былай деген:

 

مكية وقيل مدنية، والأصح أنها مكية ومدنية، نزلت بمكة حين فرضت الصلاة ثم نزلت بالمدينة حين حولت القبلة إلى الكعبة. (تفسر النسفي)

 

Кейбіреулер: "Фатиха" сүресі Меккеде түсірілген, кейбіреулер: Мәдинада түсірілген дегендерімен, ең дұрысы – ол негізінен екі рет түсірілген. Бірінші рет Меккеде, бес уақыт намаз парыз етілген кезде. Екінші рет Мәдинада қыбыла Құддыс шарифтен Мекке мүкаррамаға ауыстырылған кезде қайта түсірілген . 

*(2)  Фатиха сүресінің атаулары

 

    Жоғарыда айтылғандай, "Фатиха" сүресі негізінен екі рет назыл етілген. Бірінші рет Меккеде, екінші рет Мәдинада қайта түсірілген. Сондықтан ол «Әс-сабғұл Мәсани», яғни «Қайталанатын жеті аят» деп аталған.

 

    Кейбір ғұламалардың пікірінше:

 

  وتثنى وتكرر في كل ركعة وصلاة ذات ركوع أو المراد المتعارف الأغلب من الصلاة فلا ترد الركعة الواحدة (تفسير الالوسي)

Сүренің бұлай аталуына және бір себеп, оны барша намазда оқу уәжіп. Сондықтан күніне бірнеше рет қайта оқылады. Осыған байланысты қайталанатын жеті аят деп аталған.

    Түсінік: Біздің мазһабымыз бойынша «Фатиха» сүресін рүкуғ және сәжде жасалатын намаздарда оқу уәжіп. Ал жаназа намазында оқу уәжіп емес. Өйкені онда рүкуғ та, сәжде де жасалмайды. Себебі, алда тұрған табыттағы мәйітке рүкуғ, немесе сәжде жасау харам. Әлусидің тәпсірінде де осы сияқты пікір білдірілген. Яғни:

ولا صلاة الجنازة على أن في البتيراء اختلافاً وصلاة الجنازة دعاء لا صلاة حقيقة. (تفسير الالوسي)

 «Фатиха» сүресі жаназа намазында оқылмайды, өйткені жаназа намазы шын мәніндегі намаз емес, ол мәйітке дұға жасау.

   Сүренің екінші бір атауы: «Әл-Құранул азим», яғни «Ұлық Құран». Бұл жайлы жоғарыда келтірілген аятта зікір етілді, сондай-ақ, келесі хадисте де хабарланады.

    Үшінші атауы: "Фатихатул Китаб", яғни «Кітапты ашушы» немесе «Беташар». Сүренің бұл атауы оның атауларының ішіндегі ең әйгілісі де, атақтысы. Оның бұлайша аталуының себе-бін кейбір ғұламалар Мұсхафта жазылу реті бойынша алғашқы парағында орналастырылғанына (берілгеніне) байланыстырады. Бұл мәселе жөнінде хадиске жүгінетін болсақ, хазрет Ибн Аббас (р.а.) былай деген:

 

حَدَّثَنَا حَسَنُ بْنُ الرَّبِيعِ وَأَحْمَدُ بْنُ جَوَّاسٍ الْحَنْفِيُّ قَالَا حَدَّثَنَا أَبُو الْأَحْوَصِ عَنْ عَمَّارِ بْنِ رُزَيْقٍ عَنْ عَبْدِ اللَّهِ ابْنِ عِيسَى عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ بَيْنَمَا جِبْرِيلُ قَاعِدٌ عِنْدَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سَمِعَ نَقِيضًا مِنْ فَوْقِهِ فَرَفَعَ رَأْسَهُ فَقَالَ هَذَا بَابٌ مِنَ السَّمَاءِ فُتِحَ الْيَوْمَ لَمْ يُفْتَحْ قَطُّ إِلَّا الْيَوْمَ فَنَزَلَ مِنْهُ مَلَكٌ فَقَالَ هَذَا مَلَكٌ نَزَلَ إِلَى الْأَرْضِ لَمْ يَنْزِلْ قَطُّ إِلَّا الْيَوْمَ فَسَلَّمَ وَقَالَ أَبْشِرْ بِنُورَيْنِ أُوتِيتَهُمَا لَمْ يُؤْتَهُمَا نَبِيٌّ قَبْلَكَ فَاتِحَةُ الْكِتَابِ وَخَوَاتِيمُ سُورَةِ الْبَقَرَةِ لَنْ تَقْرَأَ بِحَرْفٍ مِنْهُمَا إِلَّا أُعْطِيتَهُ (مسلم، الترمذي)

 

"Күндердің бірінде Жәбрейіл (а.с.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында отырған еді, төбесінен бір дүсір есітіп, басын көтерді де: "Бұл аспанның есігі. Ол (тек) бүгін ғана ашылды. Ол бүгіннен басқа кезде мүлдем ашылған емес"- деді. Сөйтіп одан (ашылған аспанның есігінен бір) періште түсті. Соң (ол періште туралы Жәбрейіл а.с.) былай деді: "Бұл жерге түскен періште бүгіннен басқа ешқашан (жерге) түскен емес". Ол (түскен періште) сәлем берді. Сөйтіп: "(Ей, Мұхаммед с.ғ.с.) саған түсірілген екі нұр жайлы   (үмбетіңе) қуанышты хабар жарияла. Ол екеуі сенен алдын бірде-бір пайғамбарға берілген емес. (Олардың бірі) "Фатихатул-Китаб" және "Бақара" сүресінің соңы (соңғы екі аяты). Ол саған берілмей тұрып, ол екеуінің әрібін сірә оқыған емессің"- деді" .

     Төртінші атауы: "Әлхәмд". Сүре осы сөзбен басталғандықтан осылай аталған. Және бұл сүре жайлы келген хадистердің бірінде Саыд бин Муъаллә (р.а.) былай деп риуаят еткен:

 

حَدَّثَنَا مُسَدَّدٌ حَدَّثَنَا يَحْيَى عَنْ شُعْبَةَ قَالَ حَدَّثَنِي خُبَيْبُ بْنُ عَبْدِالرَّحْمَنِ عَنْ حَفْصِ بْنِ عَاصِمٍ عَنْ أَبِي سَعِيدِ بْنِ الْمُعَلَّى قَالَ كُنْتُ أُصَلِّي فِي الْمَسْجِدِ فَدَعَانِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَلَمْ أُجِبْهُ فَقُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنِّي كُنْتُ أُصَلِّي فَقَالَ أَلَمْ يَقُلِ اللَّهُ ( اسْتَجِيبُوا لِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ إِذَا دَعَاكُمْ لِمَا يُحْيِيكُمْ ) ثُمَّ قَالَ لِي لَأُعَلِّمَنَّكَ سُورَةً هِيَ أَعْظَمُ السُّوَرِ فِي الْقُرْآنِ قَبْلَ أَنْ تَخْرُجَ مِنَ الْمَسْجِدِ ثُمَّ أَخَذَ بِيَدِي فَلَمَّا أَرَادَ أَنْ يَخْرُجَ قُلْتُ لَهُ أَلَمْ تَقُلْ لَأُعَلِّمَنَّكَ سُورَةً هِيَ أَعْظَمُ سُورَةٍ فِي الْقُرْآنِ قَالَ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ هِيَ السَّبْعُ الْمَثَانِي وَالْقُرْآنُ الْعَظِيمُ الَّذِي أُوتِيتُهُ  (مسلم، سنن النسائي، سنن ابو داود، سنن ابن ماجة، مسند احمد، سنن دارمي)             

"Мешітте намаз оқып тұрған едім, мені Расулұлла (с.ғ.с.) шақырып қалды. (Намазда тұрғандықтан) оған жауап қайтармадым. (Намазымды бітірген соң, оған барып) айттым: «Я, Расулалла, мен намаз оқып отыр едім». Сонда ол "Алла (сендерге "Әнфал" сүресінің 24 аятында): "Ей, иман келтіргендер, сендерді сол нәрсе (яғни, білім үйренулерің) үшін тірілткен (жаратқан) Алла (шақырғанда), сондай-ақ, Оның Расулі шақырғанда жауап қайтарыңдар!" демеген бе еді?- деді. Соң, қолымнан ұстап "Мешіттен шығарыңнан алдын мен саған Құрандағы ең ұлық сүрені үйретемін"- деді. Ол мешіттен шығуға беттегенде, оған: "(Я, Расулалла) маған Құрандағы ең ұлық сүрені үйретемін деген едіңіз ғой"- дедім. (Пайғамбарымыз с.а.у.) "Ол маған берілген Әлхәмду лиллаһи раббил аламин", сондай-ақ, ол - "Әс-сабғул мәсани" және "Әл-Құранул азим"- деді. .    Бесінші атауы: "Әл-Уафия". Бұған Суфян ибн Ұяйнәнің сөзінен мысал келтіруге болады.

    Бесінші атауы: "Әл-Уафия". Бұған Суфян ибн Ұяйнәнің сөзінен мысал келтіруге болады.

                         الوافية، قاله سفيان بن عُيَيْنة (تفسير القرطبي)

"Әл-Уафия" - толық көлемді. Адамзаттың бұл дүниесі және ақыреті үшін қажетті үкімдер мен нұсқаулардың негізгі маңызы мен мән-мақсатын өзінде біржола толық қамтығаны үшін осылай аталған.

  Алтыншы атауы: «Әл-кафия» - барша рухани және әлеуметтік қажеттіліктерді жеткілікті дәрежеде қанағаттандыратын ілімдер мен хикметтерді жеткілікті деңгейде қамтушы.

    Бұлай аталуының мән-жайын Яхя ибн Әби Кәсир мынадай баяндайды: 

 

الكافية، قال يحيى بن أبي كثير: لأنها تكفي عن سواها ولا يكفي سواها عنها. يدل عليه ما روى محمد بن خلاّد الاسكندراني قال قال النبيّ صلى الله عليه وسلم: أم القرآن عِوَض من غيرها وليس غيرها منها عِوَضاً. (تفسير القرطبي)

 

"Себебі ол өзінен басқа барша сүренің орнын басады. Ал басқа сүрелердің ешбірі оның орнын баса алмайды. Бұл пікірдің дәлеліне Мұхаммад бин Халлад Искандаранидің мына риуаятын келтіруге болады: Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:

"Үммүл Құран өзінен басқаның (барша сүрелердің) орнын басады. Ал одан өзгелердің (сүрелердің) ешбірі оның орнын баспайды".

   Жетінші атауы: «Әл-канз», - Қазына. Бұл жайлы келген хадис құдста:

و سورة الكنز لقوله عليه السلام حاكيا عن الله تعالى "فاتحة الكتاب كنز من كنوز عرشى   (تفسير النسفي)

 

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағаладан нақыл етіп айтады: «Фатиха сүресі Арш ағланың қазыналарының бірі».

   Сегізінші атауы: «Әш-шифа» - Шипа, тоғызыншысы:  «Әш-шафия» - Шипа, яғни барша сырқаттарға дәрмек болатын шипа. Бұған Расулұлланың (с.ғ.с.) мына бір шарапатты сөзін дәлелге тартуға болады, яғни:

وسورة الشفاء والشافية لقوله عليه السلام: فاتحة الكتاب شفاء من كل داء إلا السام (روى الدارميّ عن أبي سعيد الخُدْرِي) (تفسير النسفي)

 

«Фатиха сүресі - кәріліктен басқа барша дертке шипа». 

   Оныншы атауы: "Әр-рұқя" – "Дем салатын". Сүрені оқып дем салғанда пенделерге ем болады. Оның бұл керемет емдік қасиеті жайлы Әбу Саыд Хұдри (р.а.) былай риуаят етеді:

 

قد ثبت فى الصحيحين من حديث ابى سعيد الخدري قال: انطلق نفر من اصحاب النبي صلى الله عليه و سلم سفرة سافروها، حتى نزلوا على حيّ من احياء العرب فاستضافوهم، فأبوا ان يضيفوهم. فلدغ سيد ذلك حي، فسعوا له بكل شيء لا ينفعه شيء، فقال بعضهم: لو اتيتم هؤلاء الرهط الذى نزلوا، لعله ان يكون عند بعضهم شيء، فاتوهم، فقالوا: يأيها الرهط إن سيدنا لدغ، و سعينا له بكل شيء لا ينفعه شيء. فهل عند احد منكم من شيء؟ فقال بعضهم: والله ان لأرقى، و لكن والله لقد استضفناكم فلم تضيفونا، فما انا براقلكم حتى تجعلوا لى جعلا، فصالحوهم على قطيع من الغنم، فانطلق يتفل عليه و يقرأ (ٱلْحَمْدُ للَّهِ رَبِّ ٱلْعَالَمِينَ)  فكأنما نشط من عقال. فانطلق يمشى، و ما به قلبه. فأوفوهم جعلهم الذى صالهوهم عليه. فقال بعضهم: اقتسموا، فقال الذى رقى: لا نفعل حتى نأتى النبي صلى الله عليه و سلم فنذكر له الذى كان، فننظر ما يعمرنا. فقدموا على رسول الله صلى الله عليه وسلم فذكروا له ذلك فقال: و ما يدريك أنها رقية؟ ثم قال: قد أصبتم اقتسموا و اضربوا لى معكم سهما   

 

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларынан бір топ адам сапарға шықты. Олар жол жүріп, арабтардың бір ауылына жетіп барады. (Алыс жолдан шаршаған сахабалар) олардан (ауыл жұртшылығынан өздерін) қонақ етулерін сұрап өтініш жасайды. (Бірақ, ауыл адамдары сараңдық жасап) оларды қонақ етуге келіспейді (сахабалар амалсыздан ауылдың бір шетіне шығып, далада түнеп қалуға мәжбүр болады). (Сол жағдайдан) соң (көп ұзамай) ауылдың ұлығын бір улы жәндік      

шағып алады (да ауыр хәлге тап қылады). (Ауыл жұртшылығы әлек болыып) өздері білген емшілік тәсілдері мен өнерлерінің бәрін жасап көреді, бірақ ешбір нәтиже болмайды. Сонда олардың бірі: «Егер баяғы ауылдың сыртына қонақтаған адамдарға барсаңдар, мүмкін оларда ем боларлықтай бірер дәрмек табылып қалар ма еді» дейді. (Бұл сөз көпшілікке мақұл келіп) бірнешеуі сахабалардың алдына барып: «Ей адамдар, біздің ұлығымызды улы жәндік шағып алды. Білгеніміздің бәрін де істеп бақтық, бірақ оның дертіне шипа болар емес. Сендерде оған ем болатын бірер дәрмек табылар ма екен?- десті. Сахабалардыың бірі: «құдай ақы, мен дем салуды білемін. Бірақ біздерді қонақ етіңіздер деп сұранғанымызда қабылдамадыңдар. Сондықтан, мен де енді бірер сыйлық бермегендеріңше ұлықтарыңа дем салмаймын»- деп, жауап қайырды. (Ауылдан келген адамдар сахабаның сөзі жөн екенін түсініп) оған бірнеше қой беруге уәделесті. Сөйтіп (сахаба) барып оған (удың зардабынан жанталасқа түскен адамға) «Фатиха» сүресін оқып дем салған еді, сырқаттың тұла бойына тараған удың әсері бәсеңдей келіп, қиналған жаны жай таба бастады да, соңынан ештеме көрмегендей орнынан тұрып кетті. (Қуанған ауыл жұртшылығы ризалықпен) өздері уәде еткен сыйлықтарын берді. (Сонда) Олардың (сахабалардың) бірі:

-(Қойларды) бөлісіп алалық деді. (Бірақ) әлгі дем салған сахаба (көнбеді):

-Жоқ, қашан Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) барып, болған істі хабарламайынша бөліспейміз. Көрелік, ол бізге нендей үкім айтатынын,- деді. (Оның сөзі қалғандарға да мақұл келіп) сапардан қайтып оралғандарынан соң, болып өткен оқиғаны Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) әңгімелеп бергендерінде, ол мүбарак зат: "Сен оның (Фатиханың) дем салатын (сүре) екенін қайдан білдің (біледі екенсің ғой)"? – деді. Соң «(Қойлар) сендерге беріліпті, (оларды) бөліп алыңдар. Өздеріңмен қоса маған да несібе бөліңдер» - деді

    Түсінік: Ғұламалардың пікірінше оның «маған да несібе бөліңдер» дегенінің мәнісі, Құран аяттарымен дем салып емдегеннің ақысына берілген сыйлықтың адал екенін аңғарту үшін айтылған. Яғни, Құран аяттарымен дем салып емдегеннің ақысына берілген сыйлықтың адал екеніне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы сөзі дәлел.

   Он бірінші атауы: "Үммүл Китаб" – "Кітаптың анасы". Бұған Әбу Һүрәйрә (р.а.) риуаят еткен мына хадисті дәйекті дәлел ретінде келтіруге болады. Онда Расулұлла (с.ғ.с.) былай деген:

وقد ثبت في الصحيح عند الترمذي وصححه عن أبي هريرة قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: الحمد لله رب العالمين أم القرآن وأم الكتاب والسبع المثاني والقرآن العظيم (ابن كثير)

"Әлхәмду лиллаһи раббил аламин" (сүресі) - Үммүл Құран және (оның бір атауы) Үммүл Китаб тағы да (ол) Әс-сабғул мәсани әрі (ол) Әл-Құранул азим".

      Түсінік: Бұл хадисте сүренің төрт бірдей есімі зікір етілген.

 

      Он екінші атауы: "Үммүл-Құран" - "Құранның анасы". «Фатиха» сүресінің бұл атауы жоғарыдағы хадисте де, төмендегі хадисте де зікір етілген.

    Он үшінші. «Мақсумә» деген де есімі бар. Бұл жайды Үбәй ибн Каъб келтірген хадистен білуге болады. Үбәй ибн Къаб (р.а.) риуаят жасаған хадисте Расулұлла (с.ғ.с.) былай деген:

 

الأولى: روى الترمذيّ عن أُبَيّ بن كعب قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: ما أنزل الله في التوراة ولا في الإنجيل مثل أم القرآن وهي السبع المثاني وهي مقسومة بيني وبين عبدي ولعبدي ما سأل.

"Алла Тауратта да, Інжілде де Үммүл Құран сияқтыны (сүрені) түсірмеген. Ол – Сабғул мәсани және "Мақсумә" (яғни, Алла айтады: Фатиха сүресі) «Менімен пендем арасында тең бөлінген (сүре). Соның шарапатынан пендем не сұраса беремін".

    Түсінік: Бұл сүре Ислам дінінің негізгі мән-мақсатын өзінде мұхтасар, яғни, ықшам хәлде, нақты түрде, қысқа да нұсқа тұжырымдап көрсеткені үшін де осылай аталған. Және оны оқымаса намаздың сауабы кәміл болмайтыны себепті «Үммүл-Құран» - Құранның анасы деп аталғандығы жөнінде де пікірлер айтылған. Бұл туралы хазрет Әбу Һүрәйрә (р.а.) риуаят қылған мынау хадисте хабарланған:

و حَدَّثَنَاه إِسْحَقُ بْنُ إِبْرَاهِيمَ الْحَنْظَلِيُّ أَخْبَرَنَا سُفْيَانُ بْنُ عُيَيْنَةَ عَنِ الْعَلَاءِ عَنْ أَبِيهِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ مَنْ صَلَّى صَلَاةً لَمْ يَقْرَأْ فِيهَا بِأُمِّ الْقُرْآنِ فَهِيَ خِدَاجٌ ثَلَاثًا غَيْرُ تَمَامٍ (مسلم)

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кім намаз оқып, онда Үммүл Құранды оқымаса, ол (намаздың сауабы) кемшін (яғни кәміл емес)» деп үш рет қайталап айтты".

    Түсінік: Демек намаздың сауабы толық болуы үшін Фатиха сүресін оқу уәжіп. Бұл сүренің маңызы илаһи мағыналарды қамтып алу тұрғысынан алып қарағанда нағыз мұғжиза деуге болады. Оның мағынасы өте терең, маңызы аса ауқымды. Кейбір мұфәссирлер осы жеті аятты тәпсірлей (мағыналарына түсінік бере) отырып, бірнеше томдық шығармалар жазып қалдырған.

   Он төртінші атауы: «Әс-сала» - "Намаз". Айтып өтілген хадистің соңынан риуаят етілген хадис құдсиде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағаладан риуаят етіп былай дейді:

قَالَ اللَّهُ تَعَالَى قَسَمْتُ الصَّلَاةَ بَيْنِي وَبَيْنَ عَبْدِي نِصْفَيْنِ وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ فَإِذَا قَالَ الْعَبْدُ ( الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ) قَالَ اللَّهُ تَعَالَى حَمِدَنِي عَبْدِي وَإِذَا قَالَ ( الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ) قَالَ اللَّهُ تَعَالَى أَثْنَى عَلَيَّ عَبْدِي وَإِذَا قَالَ ( مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ) قَالَ مَجَّدَنِي عَبْدِي وَقَالَ مَرَّةً فَوَّضَ إِلَيَّ عَبْدِي فَإِذَا قَالَ ( إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ) قَالَ هَذَا بَيْنِي وَبَيْنَ عَبْدِي وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ فَإِذَا قَالَ ( اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ) قَالَ هَذَا لِعَبْدِي وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ (مسلم)

«Алла Тағала айтады:

-Әс-саланы (яғни Фатиханы) өзім мен пендеме екіге бөлгенмін. (Осы сүренің шарапатынан) пендем не тілесе беремін. Егер пенде:

- «Әлхәмдулиллаһи раббил аламин» десе, Алла:

-Пендем маған шүкіршілік білдірді,- дейді. Егер пенде: «Әр-рахманир рахим» десе, Алла тағала:

-Пендем менің пәктігімді айтып мадақтады,- дейді. Ал егер «Малики яумиддин» десе, (Алла):

-Пендем менің құдіретімді ұлықтады,- дейді. Ал (пенде):

-«Ийяка наъбуду уә ийяка настаыйн»- десе, (Алла):

-Бұл менімен пендем арасындағы уәделестік. (Осы уәделестік құрметі) пендем не сұраса беремін,- дейді. Соң пенде:

-«Ихдинас сиратал мұстақим, сираталлазина анъамта алайһим, ғайрил мағзуби алайһим уа лаз-заллин»- дегенде,Алла:

-Бұл хақ жол пендеме тән. Пендемнің сұрағанын (Сиратул мұстақиймды – нағыз тура жолды оған) бердім,- дейді».

    Түсінік: Шафиғи мазһабының ғалымдары жоғарыдағы хадисте баяндалғандай: «Кімде-кім намаз оқып, онда Үммүл Құранды оқымаса, ол (намазының сауабы) кемшін (яғни кәміл емес) деп үш рет қайталап айтты» деген сөздерге және имам Бұхари мен имам Мүслимнің Убайда ибн Самидтен келтірілген «Фатиханы оқымаған кісінің намазы шынайы намаз емес»- деген мағынадағы хадистерге сүйеніп, «Фатиха» сүресін намазда оқу парыз деп үкім берген. Біздің ғұламаларымыз болса: «Бұл келтірілген хадистердегі негізгі мақсат намаздың өзі емес, бәлкім оның сауабы кәміл болмайды деген мағынаны аңғартады»- деген. Өйткені, хадистің үкімі Құранның үкіміне қайшы келмеуге тиіс. Құран үкімі бойынша намаздарда «Фатиха» сүресін оқу парыз емес. Бұған «Мүззаммил» сүресінің 20- аяты дәлел. Осы мәселе жайлы дәлірек айтар болсақ "Миғраж" түні, яғни, милади жыл санағы бойынша 622 жылы адамзат және дін тарихында мән жағынан да, мағына жағынан да теңі жоқ, ерекше маңызды оқиға – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Миғражы» болып өтті. Яғни, Мұхаммед (с.ғ.с.) Жәбрейілдің (а.с.) демеуімен жеті қабат аспаннан да, «Арш ағладан» да өтіп барып, «Сидратул Мунтаһа» деген жайда Алла Тағаламен дәнекерсіз сөйлесті. Сонда мұсылмандар үшін бес уақыт намаз парыз етілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Миғраждан қайта оралған соң, «Мүззаммил» сүресінің 20 аяты түсіріліп, ол арқылы түн ортасында бұрын оқылып келген парыз намазының үкімі мансух етілді (бекер қылынды). Осы түсірілген аятта намаздарда оқылатын қирағат жайлы да айтылған, яғни: «(Ей, Мұхаммед с.ғ.с.) әлбетте, сенің Раббың сенің және сенімен бірге тағы да бір тайпаның (сахабалардың) түннің үштен екі бөлігінен аздау бөлігінде, кейде оның жартысында және (кейде) оның үштен бір бөлігінде (ұйықтамай, намазда тұратындарыңды жақсы) біледі. Түн мен күндізді (олардың мөлшерін) Алла (өзі) белгілейді. Ол (сендер күн мен түн мөлшерінің) санағына ешқашан жете алмайтындарыңды білгендіктен, тәубелеріңді қабыл етті (сендерге жеңіл болуы үшін түнгі намазды мансух етті). Міне енді (намаздарыңда) Құраннан мүяссар болғанынша (шамаларың жеткенінше, білген аяттарыңды) оқи беріңдер»!

    Түсінік: Міне, аятта «Фатиха сүресін оқыңдар» деген жоқ, бәлкім «шамаларың жеткенін – білген аяттарыңды оқыңдар» деп айтылды. Демек, «Фатиха» сүресін оқу парыз емес, бәлкім уәжіп. Сондықтан, бұл сүрені білмейтін адам оны жаттап алғанынша, шамасы келген, яғни, өзі білетін басқа бір аятты оқуына болады. Бұл мәселеге Әбу Һүрәйрә (р.а.) риуаят еткен мына бір хадис анық дәлел бола алады. Онда былай делінген:

 

حَدَّثَنِي مُحَمَّدُ بْنُ الْمُثَنَّى حَدَّثَنَا يَحْيَى بْنُ سَعِيدٍ عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ قَالَ حَدَّثَنِي سَعِيدُ بْنُ أَبِي سَعِيدٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ دَخَلَ الْمَسْجِدَ فَدَخَلَ رَجُلٌ فَصَلَّى ثُمَّ جَاءَ فَسَلَّمَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَرَدَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ السَّلَامَ قَالَ ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ فَرَجَعَ الرَّجُلُ فَصَلَّى كَمَا كَانَ صَلَّى ثُمَّ جَاءَ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَسَلَّمَ عَلَيْهِ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَعَلَيْكَ السَّلَامُ ثُمَّ قَالَ ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ حَتَّى فَعَلَ ذَلِكَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ فَقَالَ الرَّجُلُ وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ مَا أُحْسِنُ غَيْرَ هَذَا عَلِّمْنِي قَالَ إِذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلَاةِ فَكَبِّرْ ثُمَّ اقْرَأْ مَا تَيَسَّرَ مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ ثُمَّ ارْكَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ رَاكِعًا ثُمَّ ارْفَعْ حَتَّى تَعْتَدِلَ قَائِمًا ثُمَّ اسْجُدْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ سَاجِدًا ثُمَّ ارْفَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ جَالِسًا ثُمَّ افْعَلْ ذَلِكَ فِي صَلَاتِكَ كُلِّهَا         (رواه مسلم)

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітке кірді. Және (онымен қатар) бір адам да кіріп намаз оқыды. Соң, (ол адам) келіп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлем берді. Сонда Расулұлла (с.ғ.с.) (оған) сәлем қайтарды да:

-Қайта орал да, намаз оқы! Өйткені, сен намаз өтеген жоқсың (яғни дұрыс оқыған жоқсың),- деді. Ол адам қайта барып, жаңа қандай тәрізде намаз оқыған болса, дәл сол әлпетте намаз оқыды. Соң Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп сәлем берді. Сонда Расулұлла (с.ғ.с.):

-Саған да Алланың сәлемі болғай,- деді. Соң, ( және ілгерігі сөзін) айтты:

-Қайта орал да намаз оқы! Өйткені, сен намаз өтеген жоқсың (дұрыс оқыған жоқсың). Сөйтіп, бұл жағдай үш рет қайталанды. Сонда ол кісі:

-Сізді хақпен (хақ дінмен) жіберген Затпен (Алланың атымен) ант беремін, мен (намазымды) бұдан көркемдеу ете алмаймын. (Сондықтан) маған (намаз оқудың қағидаларын) үйретіңіз,- деді. (Сонда Расулұлла):

-Егер намазға тұратын болсаң, тәкбир айт (Аллаһу акбар де). Соң Құраннан шамаң келетінін оқы. Сосын кәміл рүкуғ хәліне жеткеніңше рүкуғ жаса. Соң, анық тік тұрған хәліңде тік тұр. Соң, кәміл сәждеге барған хәліңде сәжде жаса. Соң, анық отыратын хәліңе дейін көтеріліп қағда жаса. Соңыра осыларды барша намаздарыңда орында!-деді»..

 

    Түсінік: Міне, бұл хадистегі «Соң Құраннан шамаң келетінін оқы» делінген үкім «Мүззаммил» сүресінің 20 аятындағы үкіммен судың екі тамшысындай болып бір-біріне дәл келіп тұр. Осы тұста мән беретін және бір мәселе: егер «Фатиха» сүресін оқу парыз амалы болғанында, пенде қашан ол сүрені жаттап алмайынша намаз оқи алмас еді. Себебі шарты түгел болмаған намаз шынайы намаз бола алмайды. Кейбіреулер «Фатиха» сүресін оқу парыз деп үкім беріп, соңынан оны үйреніп алғанша оның орнына өзге сүрені оқи тұруға болады деп өзін де, өзгені де шатастырады. Біріншіден, егер оны оқу парыз болатын болса, намаздың алты шартының бірі орындалмай қалып, оқылған намаз есепке өтпейді. Әсіресе, «Фатиха» сүресін білмейтін қарт адамдар оны жаттап аламын деп жүргенінде ажалы жетіп қалса, оқыған намаздарының баршасы босқа кетіп, қарызы мойынында қалады. Екіншіден, «Фатиха» сүресін намазда оқу парыз деп түсінген адам, сүрені жаттап алғанша уақытшалық басқа сүрені оқуға болады десе, өзі иғтиқад еткен, яғни, парыз деп иман келтірген шартқа өзі қарсы болып, оны бекерге шығарғандығынан иманнан айырылған адамның жағдайына тап болады. Егер ол бұл мәселенің мәнін жете түсінбей айтқан болса, үлкен күнәға қалады. Ал егер оның мән-мақсатын түсіне тұрып, саналы түрде айтатын болса, иманнан шығып кәпір болады. Себебі, қандай жағдайда болмасын (егер өміріне өлім қауіпі төніп тұрмаса) парызды уақытша орындамаса да болады деген адамның иманнан шығып, кәпір болатынына бірде-бір ғұлама дау тудырған емес.

  Он бесінші атауы: "Әл-әсәс" - "Негіз", "Ірге". Риуаят етілгеніндей бір адам хазрет Шағбиге келіп, жамбас ауруынан шағымданды. (Шағби оған): "Сен Құранның негізі - Фатихатул Китабқа жүгін. Мен Ибн Аббастың»:

 الأساس: شكا رجل إلى الشعبيّ وجع الخاصرة؛ فقال: عليك بأساس القرآن فاتحة الكتاب، سمعت ابن عباس يقول: لكل شيء أساس، وأساس الدنيا مكة، لأنها دحيت؛ وأساس السموات عَرِيبا، وهي السماء السابعة؛ وأساس الأرض عجيبا، وهي الأرض السابعة السفلى؛ وأساس الجنان جنة عدن، وهي سُرّة الجنان عليها أسِّست الجنة؛ وأساس النار جهنم، وهي الدركة السابعة السفلى عليها أسست الدركات، وأساس الخلق آدم، وأساس الأنبياء نوح؛ وأساس بني إسرائيل يعقوب؛ وأساس الكتب القرآن؛ وأساس القرآن الفاتحة؛ وأساس الفاتحة بسم الله الرحمن الرحيم؛ فإذا اعتللت أو اشتكيت فعليك بالفاتحة تُشْفَى (تفسير القرطبي)

 

"Әрбір нәрсенің негізі бар. Дүниенің негізі (жердің кіндігі) Мекке, сондықтан, ол шартарапқа бірдей тең. Ал аспанның негізі "Ариб" (терең, биік) - ол жетінші аспан. Жердің негізі "Ажиб" - ол жердің ең астыңғы жетінші қабаты. Жұмақтардың негізі "Адн" жұмағы. Ол жұмақтардың кіндігі. Барша жұмақтың іргесі оның үстіне құрылған. Оттың негізі "Жаханнам" (тозақ). Ол ең төменгі жетінші сатысы, қалған қабаттары оның үстіне құрылған. Халықтың негізі Адам (а.с.). Пайғамбарлардың негізі Нух (а.с.). Бәни Исраилдің (яһудилердің) негізі Яқуб (а.с.). Кітаптардың негізі Құран. Құранның негізі Әл-фатиха. Әл-фатиханың негізі бисмиллаһир рахманир рахим(мен бастау)»- дегенін есіттім. Егер науқастансаң немесе мазасыздансаң Фатихаға жүгін! Шипа табасың"- деді.

      Он алтыншы атауы: "Әл-әхкам" – "Үкімдер жинағы". Мұнда Ислам дінінің негізгі үкімдері шоғырланған. Сондықтан, осылай аталған.

    Он жетінші атауы: "Әш-шүкур" – «Шүкір келтірілетін». Сүреде "Әлхәмд - барша ізгі мадақтар мен мақтаулар (бүкіл) әлемдердің Раббы  – Аллаға тән" деп шүкір келтірілгендіктен осылай да аталған.

    Он сегізінші атауы: "Әд-дұға" – "Дұға". Сүренің 5 аятында: "Бізді тура жолға бастай гөр" деп дұға жасалғандықтан осылай - "Әд-дұға" деп те аталған. Бұл пікір бірқатар тәпсірлерде құпталған. Олардың бірі мына хабарда келтірілген:

وتسمى أم القرآن، والأحكام العملية التي هي سلوك الطريق المستقيم والاطلاع على مراتب السعداء ومنازل الأشقياء. وسورة الكنز والوافية والكافية لذلك. وسورة الحمد والشكر والدعاء. وتعليم المسألة لاشتمالها عليها

Оларда айтылғандай, «Фатиха» сүресі «Үммүл Құран», «Әл-әхкам» - тура жолға бастайтын «Амал жасайтын үкімдер жинағы», «Әл-катр» (есеп, қадар), «Әл-уафия», «Әл-кафия», «Әл-хамд», «Әш-шүкур», «Әд-дұға» деп аталады. Сонымен қатар, бұл сүре пенделерді тура жолға жетелейтін және (жұмақ нәсіп болатын) бақытты адамдар мен (тозаққа тап болатын) бақытсыздардың жағдайларынан хабар беретін, ескерту жасайтын үкімдер мен амал жасайтын нұсқаулар жиынтығы. Құранның маңызы негізінен Аллаға иман келтіріп, оның сыйлаған есепсіз нығметтері үшін шүкіршілік етуден және тек Оған ғана құлшылық жасап, көмек үшін тек оған ғана жүгінуден, дұғаларымыз бен тілектеріміздің баршасын тек Оның өзінен ғана сұрап жалбарынудан тұрады. Міне, осы негіздік қағидалардың бәрін өзінде біржола қамтығаны үшін, жоғарыда айтылғандай "Әш-шүкур" деп аталған.

    Сүренің және екі атауы Әлусидің тәпсірінде келтірілген. Яғни:

 

سورة المناجاة وسورة التفويض لأن العبد يناجي ربه بقوله (إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ) وبالثاني يحصل التفويض (تفسير الالوسي)

      Он тоғызыншы атауы: "Мүнажат" – "Мінажат". Сүренің 4-ші аятында пенделер: "(Я, Алла) Саған ғана құлшылық етеміз. Және (тек) Сенен ғана көмек сұраймыз" деп мінажат жасайды. Сондықтан  - "Мінажат" сүресі деп аталған.

   Жиырмасыншы атауы: "Тафуиз", яғни уәкіл (өкіл) ету. Және бұл сөз барша уәкілдік Алланың ықтиярында екенін айқындайды. Сондықтан "Тафуиз" деп есімделген.

   Жиырма бірінші атауы: "Нұр". Сүренің бұлай аталуына себеп:

 

النور لظهورها بكثرة استعمالها أو لتنويرها القلوب لجلالة قدرها أو لأنها اشتملت عليه من المعاني عبارة عن النور بمعنى القرآن (تفسير الالوسي)

Ол мұсылмандардың күнделікті өмірінде өте көп қолда-нылғандықтан нұрдай белгілі. Және бұл сүре пенделердің жүректерін нұрландырып тұратыны, сондай-ақ, онда Құранның негізгі мән-мағынасы қамтылғаны үшін, сүре осылай аталған. Өйткені, Құран адамзатты надандықтың тұңғиығынан һидаятқа (Алланың жолына) бастайтын ұлық нұр.

 

   Жиырма екінші атауы: "Хикмет". Бұл туралы да Әлусидің тәпсірінде келтірілген:

                                     ثم الحكمة في تسوير القرآن

«Фатиха» сүресі хикметке аса бай болғандықтан, осы атақты да иемденген.

  Жоғарыда атап өтілген есімдерінен де өзге және бірнеше атауларға ие бұл сүренің жеті аяттан тұратынын барлық ғұламалар бір дауыстан құптаған. Тек сүре басталуындағы «Бисмиллаһир рахманир рахим» сөйлемі аят ретінде сүренің құрамына жата ма, әлде жоқ па?- деген мәселе жайлы үш түрлі пікір білдірілген (бүл жайлы төменде айтылады).

*(3). Фатиха сүресінің сипаттары мен қасиеттері                        

 

      «Фатиха» сүресінің сипаттары мен қасиеттері жайлы өте көп риуаяттар келген. Солардың бірінде Ибн Әнбари хазрет Мужахидтен (р.а) риуаят жасап былай деген:

 

وذكر ابن الأنباري في كتاب الردّ له: حدّثني أبي حدّثني أبو عبيد الله الورّاق حدّثنا أبو داود حدّثنا شَيبان عن منصور عن مجاهد قال: إن إبليس ـ لعنه الله ـ رنَ أربع رنات: حين لُعن، وحين أهبط من الجنة، وحين بُعث محمد صلى الله عليه وسلم، وحين أنزلت فاتحة الكتاب، وأنزلت بالمدينة.

 

"Алланың лағынетіне тап болған Иблис төрт рет (жаны қатты қысылып) аңырап жіберген: Бірінші рет, лағынетке тап болған кезінде. 2). Жұмақтан (қуғындалып) түсірілген кезде. 3). Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық берілгенде. 4). «Фатиха» сүресі түсірілгенде. Ол Мәдинада (екінші рет қайталап) түсірілген.

اختلف العلماء في تفضيل بعض السُّوَر والآي على بعض، وتفضيل بعض أسماء الله تعالى   الحسنى على بعض؛

Ғұламалар кейбір сүрелер қасиет тұрғысынан басқа бір сүрелерден артық екені және Алланың кейбір көркем есімдері де

қасиеттілік тұрғысынан басқа бір есімдерінен артық екені жайлы түрліше пікір білдірген. Яғни:

 

 فقال قوم: لا فضل لبعض على بعض؛ لأن الكل كلام الله، وكذلك أسماؤه لا مفاضلة بينها. ذهب إلى هذا الشيخ أبو الحسن الأشعري، والقاضي أبو بكر بن الطيب، وأبو حاتم محمد بن حِبان البُسْتي، وجماعة من الفقهاء. ورُوي معناه عن مالك. قال يحيى بن يحيى: تفضيل بعض القرآن على بعض خطأ؛ وكذلك كره مالك أن تعاد سورة أو تردّد دون غيرها. وقال عن مالك في قول الله تعالى : (نَأْتِ بِخَيْرٍ مِّنْهَا أَوْ مِثْلِهَا) (البقرة) 106 قال: محكمة مكان منسوخة. وروى ابن كنانة مثل ذلك كله عن مالك . واحتج هؤلاء بأن قالوا: إن الأفضل يُشعر بنقص المفضول؛والذاتيّة في الكل واحدة، وهي كلام الله، وكلام الله تعالى لا نقص فيه.

Кейбір ғұламалар: «Аяттардың бір-бірінен артықшылығы жоқ. Өйткені, олардың бәрі де бірдей Алланың кәламы. Сондай-ақ, Алланың есімдері де, бәрі бірдей Алланың көркем есімдері саналады. Олардың арасында (парық пен бір-бірінен) артықшылық жоқ"- деген. Бұл пікірді айтқандар: Әбул Хасан Әл-ашари, Қази Әбу Бәкр бин Әт-таййиб, Әбу Хатим Мұхаммад, Хиббан Әл-бусти және мәлики мазһабының басқа да фақиһтары. Имам Мәликтің өзі де осы пікірді ұстанған. Яхя ибн Яхя да осы пікірді құптап былай деген: "Құрандағы кейбір аяттардың басқа аяттарға қарағанда артықшылығы бар деген пікір қате. "Бақара" сүресінің 106 аятында: "(Мансух етілген аяттардың орнына) Олар секілді (оларға пара-пар) немесе олардан жақсысын (үкім шығарушы аяттарды) келтіреміз"- делінген. Ал артықшылық дегеннің өзі, оның бір кемістікті нәрседен артық болуы. Құран - Алланың сөзі. Онда кемістік болмайды. Кемістік болмаған соң артықшылық та болмайды. Оның сөзін қуаттаған Әл-Бусти былай деп қосымша дәлел айтады: 

قال البُسْتيّ: ومعنى هذه اللفظة «ما في التوراة ولا في الإنجيل مثل أم القرآن»: أن الله تعالى لا يُعطي لقارىء التوراة والإنجيل من الثواب مثل ما يُعطي لقارىء أم القرآن، إذ الله بفضله فضّل هذه الأمة على غيرها من الأمم. قال ومعنى قوله: «أعظم سورة» أراد به في الأجر، لا أن بعض القرآن أفضل من بعض.

 

"Үммүл Құран сияқты (сүре) Тауратта да, Інжілде де жоқ"- дегеннің мағынасы: Алла Тағала Таурат пен Інжілді оқыған үмбеттерге Үммүл Құранды оқыған үмбетке берілетін сияқты сауапты бермеді. Өйткені, Алла өз артықшылығымен бұл үмбетке басқа үмбеттерге қарағанда артықшылық сыйлады. Ал енді, "Сүренің ұлығы" дегенде оның сауабы жайлы айтылады. Яғни, кейбір сүрелер немесе аяттар бір-бірінен сауап тұрғысынан артық. «Фатиха» сүресі де солай. Оның сауабы өзге сүрелердің сауабынан недәуір ұлық.

 

                                        وقال قوم بالتفضيل،

Ал, ғұламалардың екінші бір тобы: «Құран сүрелері мен аяттарының бір-бірінен артықшылығы бар» деген пікірді алға тартқан. Олардың бірі Ибн Араби былай дейді:

 

وقال ابن العربي: قوله: "ما أنزل الله في التوراة ولا في الإنجيل ولا في القرآن مثلها" وسكت عن سائر الكتب، كالصحف المنزّلة والزبور وغيرها؛ لأن هذه المذكورة أفضلها، وإذا كان الشيء أفضلَ الأفضل، صار أفضلَ الكل؛ كقولك: زيد أفضل العلماء، فهو أفضل الناس. وفي الفاتحة من الصفات ما ليس لغيرها؛ حتى قيل: إن جميع القرآن فيها. وهي خمس وعشرون كلمة تضمنت جميع علوم القرآن. ومن شرفها أن الله سبحانه قسمها بينه وبين عبده، ولا تصح القُرْبَة إلا بها، ولا يلحق عمل بثوابها، وبهذا المعنى صارت أم القرآن العظيم، كما صارت (قُلْ هُوَ ٱللَّهُ أَحَدٌ) تعدل ثلث القرآن، إذ القرآن توحيد وأحكام ووعظ، و (قُلْ هُوَ ٱللَّهُ أَحَدٌ) فيها التوحيد كله، وبهذا المعنى وقع البيان في قوله عليه السلام لأبيّ: أي آية في القرآن أعظم» قال: ٱللَّهُ لاَ إِلَـٰهَ إِلاَّ هُوَ ٱلْحَيُّ ٱلْقَيُّومُ}. وإنما كانت أعظم آية لأنها توحيد كلها كما صار قوله: «أفضل ما قلته أنا والنبيون من قبلي لا إلٰه إلا الله وحده لا شريك له» أفضلَ الذكر؛ لأنها كلمات حَوَت جميع العلوم في التوحيد، والفاتحةُ تضمنت التوحيد والعبادة والوعظ والتذكير،

"Алла Тауратта да, Забурда да, Інжілде де, Құранда да ол (Фатиха сүресі) сияқтыны түсірмеді" дегені, оның ең абзал сүре екендігіне сілтеу. Егер бір нәрсе абзалдың абзалы болатын болса, онда ол барша нәрсенің абзалы болғаны. Мысал үшін Зәйд ғұламалардың абзалы дейтін болсақ, онда, ол адамдардың да абзалы деген мағынаны аңғартады. Ал «Фатиха» сүресінде одан өзге сүрелерде кездеспейтін ерекше сипаттар бар. Тіпті: "Онда бүкіл Құран маңызы шоғырланған"- деп те пікір білдірілген. Ол жиырма бес кәлимадан тұрады. Сол кәлималарда Құран ілімдерінің бәрі шоғырланған. Шарапаттылығы себепті оны Алла өзімен пендесінің ортасында тең бөлді. Онсыз "Құрбат", яғни Алла мен пенде арасындағы жақындық пайда болмайды және амалдың сауабы толық болмайды. Оның ұлық Үммүл Құран деген де есімі бар. Сүрелер арасында «Фатиха» сияқты аса қасиетті және бірнеше сүрелер бар. Олардың бірі "Ихлас" сүресі. Ол Құранның үштен бір бөлігіне саналады. Өйткені, Құран үш негізден яғни "Таухид", "Әхкам" (үкімдер жинағы) және "Уағыздан" тұрады. Ал "Ихлас" сүресінің бар болмысы түгел таухидтен тұрады. Аяттар арасында да осындай абзалдары бар. Олардың бірі "Аятул Курси". Бұған дәлел, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Убәйден (р.а.) "Құрандағы қайсы аят ең ұлық?"- деп сұрағанында, (Ол сахаба) "Аллаһу лә иләһа иллә ху, әл-хайюл қайюм"- деді (ол бұл жайлы Пайғамбарымыздан с.ғ.с. естіген болатын).

   Түсінік: Осыған байланысты «Аятул Күрси» аяттардың ұлығы. Онда таухид кәміл көрсетілген. Тағы да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Менің, және менен ілгеріде өткен пайғамбарлардың айтқан сөздерінің ең абзалы «Лә иләһа иллалла уәхдаһу лә шарика ләһу"- деген. Міне, бұл зікірлердің абзалы. Себебі бұл кәлима таухидтегі барша ілімдерді өзінде қамтыған. Ал енді «Фатиха» сүресі өзінде таухидті де, ғибадатты (құлшылықты) да, уағызды да, зікірді де бірегей жинақтаған. Және Али ибн Әби Таліптен (р.а.) риуаят етілген хадисте Расулұлла (с.ғ.с.):

 

روى عليّ بن أبي طالب رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: فاتحة الكتاب، وآية الكرسي، وشَهِدَ اللَّهُ أنَّهُ لاَ إلٰهَ إلاَّ هُوَ، وقُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ، هذه الآيات معلّقات بالعرش ليس بينهن وبين الله حجاب. أسنده أبو عمرو الداني في كتاب البيان له.

 

"Фатихатул Китаб, Аятул курси, Шәхидаллаһу әннәһу лә иләһа иллә ху, Қулиллаһуммә мәликал мүлки, бұл аяттар Арш ағлада асулы тұрады. Олар мен Алланың арасында хижаб (перде – тосық) жоқ"- деген.

     Бұл сүренің қасиеттері мен артықшылығы жайлы бұлардан да басқа көптеген хадистер келген. Ғұламалар оларды тәпсірлей отырып том-том кітаптар жазған.

 

 

   *(4)               Аяттардың мағыналары

     (Сөздері мен сөйлемдеріне тереңдетілген түсініктемелер)

  

   Бұл - "Фатиха" сүресінің сөздері мен сөйлемдеріне жасалған тереңдетілген түсініктемелер нөмірленген сілтемелер түрінде берілген. Яғни, алдымен сүренің жалпы мәтіні келтіріліп, ондағы әрбір сөзге, немесе сөйлемге арнайы сілтеме нөмірі қойылған. Сол сілтеме нөмірі арқылы түсініктеменің тереңдетілген мәтінін табуға болады.  

                  Фатиха сүресінің мәтіні:

       Сүренің арабша мәтіні мен қысқаша тәпсірі:

1   ـ {ٱلْحَمْدُ للَّهِ } الثناء على الله بمضمونها من أنه تعالى مالك لجميع الحمد من

الخلق، أو مستحق لأن يحمدوه، {رَبّ ٱلْعَـٰلَمِينَ } أي مالك جميع الخلق من الإنس والجنّ والملائكة والدواب وغيرهم وكل منها يطلق عليه عالم،

2ـ {ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ } أي ذي الرحمة وهي إرادة الخير لأهله.

3ـ {مَـٰلِكِ يَوْمِ ٱلدّينِ } أي الجزاء وهو يوم القيامة، وخص بالذكر لأنه لا ملك ظاهرا فيه لأحد إلا لله تعالى،

4ـ {إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ } أي نخصك بالعبادة من توحيد وغيره ونطلب المعونة على العبادة وغيرها.

5ـ {ٱهْدِنَا ٱلصّرَاطَ ٱلْمُسْتَقِيمَ } أي أرشدنا إليه،

6 ـ {صِرَاطَ ٱلَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ } بالهداية،

7 ـ {غَيْرِ ٱلْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ } وهم اليهود {وَلاَ } وغير {ٱلضَّالّينَ } وهم النصارى.

    Түсінік: Бұл келтірілген тәпсірдің қазақша тәржімесі мен түсініктемелері төменде нөмірлі сілтемелер түрінде берілген. Сол сілтемелерге назар аударыңыз.

Сүре мағынасының қазақша тәржімесі және сөздері мен сөйлемдеріне қатысты                    түсініктемелер:

 

           Аса мейірімді де рақымшыл Алланың атымен астаймын)*(4а).

     (1-3). Әлхәмд*(5) барша ізгі мадақтар мен мақтаулар (бүкіл) әлемдердің*(6) Раббы *(7) (Тәрбиешісі, Жарылқаушысы), Дін (ақырет) күнінің*(11) (жекедара) Патшасы*(12) Рахман (Мейірімді, әрі*(9)) Рахим (Рақымшыл)*(10) Аллаға*(8)  тән.

    (4). (Я, Алла) Саған ғана құлшылық етеміз*(13) (Себебі, Сенен өзге Тәңір жоқ). Және (тек) Сенен ғана көмек сұраймыз *(14) (Өйткені, Сенен өзге жарылқаушы жоқ).

    (5). (Я, Алла) бізді сират мустақимға*(15) (тура жолға) сала гөр!

    (6-7). ҚаҺарға кезікпегендер*(16) мен азғындыққа ұшырама-ғандардың*(17), (яғни) Өзің оларға*(18) игілік сыйлағандардың жолына.

 

       Сілтемелердің тереңдетілген мәтіндері:

 

*(4а). "Бисмиллаһир рахманир рахим"

      Айтып өткеніміздей, "Фатиха" сүресінің жеті аяттан тұратынын барша ғұламалар бірауыздан құптаған. Тек сүре басталуындағы «Бисмиллаһир рахманир рахим» сөйлемі аят ретінде сүренің құрамына жата ма, әлде жоқ па?- деген мәселе тәпсірінде былай делінеді:

 

وقد اختلف العلماء في هذا المعنى على ثلاثة أقوال الأول ليست بآية من الفاتحة ولا غيرها وهو قول مالك (تفسير القرطبي)

   Бірінші пікір: Бұл мәселе жайлы ғұламалар үш түрлі пікір білдірілген. Құртұбидің пікірінше: «Бисмиллаһир рахманир ра-хим» «Фатиха» сүресінің де, одан басқа сүрелердің де құрамына қатысты емес». Бұл пікірді ұстанатындардың бірі имам Мәлик. Ол өз сөзінің дәлелі ретінде мына хадисті алға тартқан:

قال الشعبي وأبو مالك وقتادة وثابت بن عمارة إن النبي صلى الله عليه وسلم لم يكتب بسم الله الرحمن الرحيم حتى نزلت سورة النمل الرابعة روي عن جعفر الصادق رضي الله عنه أنه قال البسملة تيجان السور قلت وهذا يدل على أنها ليست بآية من الفاتحة ولا غيرها

 

 «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Нәмл» сүресі түсірілгенге дейін (Құран аяттарын жазып жүретін хатшыларына), «Бисмиллаһир рахманир рахимді» жаздырмаған еді» . Бұл пікірді Әлусидің тәпсірінен де оқуға болады, яғни:

 

أنه صلى الله عليه وسلم كان يكتب باسمك اللهم إلى أن نزل {بِسْمِ ٱللَّهِ مَجْرَاهَا } (هود: 14) فأمر بكتابة بسم الله حتى نزل: {قُلِ ٱدْعُواْ ٱللَّهَ أَوِ ٱدْعُواْ ٱلرَّحْمَـٰنَ } (الإسراء: 110) فأمر بكتابة بسم الله الرحمن إلى أن نزلت آية النمل فأمر بكتابة بسم الله الرحمن الرحيم،

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Худ» сүресінің 14- аятындағы «Бисмиллаһи мәжраха» сөйлемі түсірілгенге дейін сүрелердің алдына «Бисмика аллаһумма» деп жаздыратын еді. Кейін аяттардың алдына «Бисмиллаһи» деп жаздыратын болды. «Әл-Исра» сүресінің 110- аяты түсірілген соң «Бисмиллаһир рахман» деп жаздыратын болды. «Нәмл» сүресі түсірілгеннен соң (Құран аяттарын жазып жүретін хатшыларға) «Бисмиллаһир рахманир рахим» деп жазуға әмір берді. 

    Екінші пікір: 

 

Бұл пікірді Абдулла ибн Мүбарак айтқан: 

 

                    الثاني أنها آية من كل سورة وهو قول عبدالله بن المبارك

 

«Бисмиллаһир рахманир рахим» барша сүрелердің құрамына қатысты аят». 

  Үшінші пікір:

 

Бұл пікір хазрет Шафиғиге тиесілі:

                          الثالث قال الشافعي هي آية في الفاتحة

Оның тұжырымы бойынша: «Бисмиллаһир рахманир рахим Фатиха сүресінің құрамына жататын аят». Имам Шафиғи өз сөзінің дәлелі ретінде хазрет Әбу Һүрәйрә (р.а.) риуаят еткен мына хадисті алға тартады. Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:

واحتج الشافعي بما رواه الدارقطني من حديث أبي بكر الحنفي عن عبدالحميد بن جعفر عن نوح بن أبي بلال عن سعيد بن أبي سعيد المقربي عن أبي هريرة عن النبي صلى الله عليه وسلم قال إذا قرأتم الحمد لله رب العالمين فاقرءوا بسم الله الرحمن الرحيم إنها أم القرآن وأم الكتاب والسبع المثاني وبسم الله الرحمن الرحيم أحد آياتها رفع هذا الحديث عبدالحميد ابن جعفر وعبدالحميد هذا وثقه أحمد بن حنبل ويحيى بن سعيد ويحيى بن معين وأبو حاتم يقول فيه محله الصدق وكان سفيان الثوري يضعفه

 «Егер «Әлхәмду лиллаһи роббил аламин»ды оқитын болсаңдар, «Бисмиллаһир рахманир рахим»ды да оқыңдар. Әлбетте, ол «Үммүл Құран», тағы да «Үммүл Китаб» және «Әс-сабғул мәсани», сондай-ақ, «Бисмиллаһир рахманир рахим» оның аяттарының бірі».

     Түсінік: Хадисті Дәра Құтни келтірген. Бірақ, Суфян Әс-саури бұл хадисті «Заиф» деген.

     Ал енді «Бисмилла» Фатихадан басқа сүрелердің құрамына жата ма, әлде жоқ па деген мәселе жөнінде Шафиғи (р.а.) екі түрлі пікір білдірген. Яғни:

وتردد قوله في سائر السور فمرة قال هي آية من كل سورة ومرة قال ليست بآية إلا في                                         الفاتحة وحدها 

Бір сөзінде «Фатихадан» өзге сүрелердің құрамына жатпайды»- деген. Ал басқа бір сөзінде «Барша сүрелердің де құрамына жатады» деген. Сол себептен барша намазда «Бисмил-лаһ»тарды аят ретінде дауыстап оқуға үкім берген.

 

    Ал біздің мазһаб ғұламаларының пікіріне тоқталатын болсақ, Мәлики мазһабы сияқты: «Бисмиллаһир рахманир рахим “Фатиха” сүресінің құрамына жатпайды. Бәлкім сүрелерді бір-бірінен ажыратып тұру, және берекелік дарыту үшін қойылған» деген пікірді ұстанады. Сөйтіп, бұл пікірдің дәлеліне Әбу Һүрәйрә (р.а) риуаят еткен мына бір хадис құдсиді келтіреді. Онда:

«Алла Тағала айтады: Әс-саланы (яғни Әл-фатиханы) өзіммен пендеме тең бөлгенмін, (соның шарапатынан) пендем не тілесе беремін. Егер пенде Әлхәмду лиллаһи раббил аламин,- десе, Алла: Пендем маған шүкіршілік білдірді- дейді. Ал егер: Малики яумиддин,- десе, пендем мені ұлықтады,- дейді. Және: Иййака наъбуду уә иййака настаыйн,- десе, бұл менімен пендем арасындағы уәделестік, пендем не сұраса беремін,- дейді. Соң пенде: Ихдинас сиратал мұстақим, сираталлазина анъамта алайһим, ғайрил мағзуби алайһим уа лаз-заллин,- десе, Алла: Бұл хақ жол пендеме тән, пендемнің сұрағанын бердім,- дейді».

     Түсінік: Міне бұл хадистен көрініп тұрғанындай, сүренің басында «Бисмиллаһир рахманир рахим» деген сөйлем зікір етілмеген (айтылмаған). Демек, ол сүренің құрамына жатпайды. Әйтпесе міндетті түрде аталған хадистің құрамында ол да зікір етілген болар еді. Хадис құдси үкімдерінің хадис нәбәуи үкімдеріне қарағанда үстем жүретінін есепке алатын болсақ, «Бисмилләһ» аяты «Фатиха» сүресінің құрамына жатпайтынына көзіміз жетеді. Солай болса да ғұламаларымыз көрсеткен дәлелдерін одан да әрі қуаттау үшін хазрет Әнәс (р.а.) риуаят жасаған мына хадисті келтіреді. Онда:

 

حدثنا قتيبة حدثنا أبو عوانة عن قتادة عن أنس قال كان رسول الله  صلى الله عليه وسلم وأبو بكر وعمر وعثمان يفتتحون القراءة ب الحمد لله رب العالمين قال أبو عيسى هذا حديث حسن صحيح

«Расулұлла (с.ғ.с.) да, Әбу Бәкр Сыддық (р.а.) да, Ұмар (р.а.) да, Ұсман (р.а.) да намаз ішіндегі қирағатты "Әлхәмду лиллаһи раббил аламин" деген аятпен ашар еді» делінген.

    Ал келесі риуаятта алдымен хадистің мәтіні келтіріліп, соңынан оның үкімі жайлы имам Шафиғи айтқан пікір де қоса берілген:

 

حَدَّثَنَا قُتَيْبَةُ حَدَّثَنَا أَبُو عَوَانَةَ عَنْ قَتَادَةَ عَنْ أَنَسٍ قَالَ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ وَعُثْمَانُ يَفْتَتِحُونَ الْقِرَاءَةَ بِالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ قَالَ أَبمو عِيسَى هَذَا حَدِيثٌ حَسَنٌ صَحِيحٌ وَالْعَمَلُ عَلَى هَذَا عِنْدَ أَهْلِ الْعِلْمِ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهم عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَالتَّابِعِينَ وَمَنْ بَعْدَهُمْ كَانُوا يَسْتَفْتِحُونَ الْقِرَاءَةَ بِالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ قَالَ الشَّافِعِيُّ إِنَّمَا مَعْنَى هَذَا الْحَدِيثِ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ وَعُثْمَانَ كَانُوا يَفْتَتِحُونَ الْقِرَاءَةَ بِالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ مَعْنَاهُ أَنَّهُمْ كَانُوا يَبْدَءُونَ بِقِرَاءَةِ فَاتِحَةِ الْكِتَابَ قَبْلَ السُّورَةِ وَلَيْسَ مَعْنَاهُ أَنَّهُمْ كَانُوا لَا يَقْرَءُونَ بِسْم اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ وَكَانَ الشَّافِعِيُّ يَرَى أَنْ يُبْدَأَ بْ بِسْم اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ وَأَنْ يُجْهَرَ بِهَا إِذَا جُهِرَ بِالْقِرَاءَةِ

 

Хазрет Әнәс (р.а.) айтқандай, «Расулұлла (с.ғ.с.) да, Әбу Бәкр Сыддық та (р.а.), Ұмар да (р.а.), Ұсман да (р.а.) намаздың ішіндегі қирағатты "Әлхәмду лиллаһи роббил аламин" деген аятпен ашар еді».

    Түсінік: Әбу Ыса яғни Тирмизи осы хадис жайлы мынадай сипаттама берген: «Бұл хадис "хасан сахих". Оған Пайғамба-рымыздың (с.ғ.с.) аса білімді сахабалары амал қылған. Олардан кейінгі табиғиндер де оған амал жасап, (намаз ішіндегі) қирағатты "Әлхәмду лиллаһи рабил аламин"мен ашатын еді». Тирмизи өз сипаттамасының соңынан осы хадис туралы имам Шафиғи білдірген пікірді келтірген. Яғни, оның пікірінше: «Бұл хадистегі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), Әбу Бәкр Сыддық, Ұмар, Ұсман

 (р.а.анхум) қирағатты "Әлхәмду"ден бастағандары, олардың "Бисмилла"ны дауыстап айтпады дегені емес. Бәлкім зәм сүре оқудан алдын "Әлхәмду" сүресін оқыған деген мағынада айтылған»- деген. Оның былайша тұжырым жасауына себеп, ол кейбір табиғиндардың намаз ішінде "Бисмилла"ны дауыстап оқығандарын естіген. Бұл сөзінің дәлелі ретінде бірнеше хадис те келтірген. Олардың бірі Ибн Аббас (р.а.) риуәят еткеніндей:

 

 حَدَّثَنَا أَحْمَدُ بْنُ عَبْدَةَ الضَّبِّيُّ حَدَّثَنَا الْمُعْتَمِرُ بْنُ سُلَيْمَانَ قَالَ حَدَّثَنِي إِسْمَعِيلُ بْنُ حَمَّادٍ عَنْ أَبِي خَالِدٍ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَفْتَتِحُ صَلَاتَهُ بْ بِسْم اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ قَالَ أَبمو عِيسَى هَذَا حَدِيثٌ لَيْسَ إِسْنَادُهُ بِذَاكَ وَقَدْ قَالَ بِهَذَا عِدَّةٌ مِنْ أَهْلِ الْعِلْمِ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْهُمْ أَبُو هُرَيْرَةَ وَابْنُ عُمَرَ وَابْنُ عَبَّاسٍ وَابْنُ الزُّبَيْرِ وَمَنْ بَعْدَهُمْ مِنَ التَّابِعِينَ رَأَوُا الْجَهْرَ بْ بِسْم اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ وَبِهِ يَقُولُ الشَّافِعِيُّ وَإِسْمَعِيلُ بْنُ حَمَّادٍ هُوَ ابْنُ أَبِي سُلَيْمَانَ وَأَبُو خَالِدٍ يُقَالُ هُوَ أَبُو خَالِدٍ الْوَالِبِيُّ وَاسْمُهُ هُرْمُزُ وَهُوَ كُوفِيٌّ

 

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазын "Бисмилла"мен ашар еді» .

    Түсінік: Біздің ғұламалар бұл хадистің мағынасы жайлы түсінік беріп: “Хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Бисмилла"ны дауыстап оқығанының себебі, ол мүбарак зат (сахабаларға намаз ішіндегі қирағатты үйрету үшін) алғашқыда "Бисмилланы" дауыстап айтқан. Ал егер, оны үйрететін кезде құпия айтатын болса, сахабалар оны қалайша есітіп, үйрене алады? Кейіннен оны үнемі құпия айтқан”- деп, сөздерінің дәлелі ретінде мына көркем хадисті келтіреді. Онда Язид ибн Абдулла ибн Муғаффал былай дейді:

حَدَّثَنَا أَحْمَدُ بْنُ مَنِيعٍ حَدَّثَنَا إِسْمَعِيلُ بْنُ إِبْرَاهِيمَ حَدَّثَنَا سَعِيدُ بْنُ إِيَاسٍ الْجُرَيْرِيُّ عَنْ قَيْسِ بْنِ عَبَايَةَ عَنِ ابْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ قَالَ سَمِعَنِي أَبِي وَأَنَا فِي الصَّلَاةِ أَقُولُ بِسْم اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ فَقَالَ لِي أَيْ بُنَيَّ مُحْدَثٌ إِيَّاكَ وَالْحَدَثَ قَالَ وَلَمْ أَرَ أَحَدًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ أَبْغَضَ إِلَيْهِ الْحَدَثُ فِي الْإِسْلَامِ يَعْنِي مِنْهُ قَالَ وَقَدْ صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَمَعَ أَبِي بَكْرٍ وَمَعَ عُمَرَ وَمَعَ عُثْمَانَ فَلَمْ أَسْمَعْ أَحَدًا مِنْهُمْ يَقُولُهَا فَلَا تَقُلْهَا إِذَا أَنْتَ صَلَّيْتَ فَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ قَالَ أَبمو عِيسَى حَدِيثُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ حَدِيثٌ حَسَنٌ وَالْعَمَلُ عَلَيْهِ عِنْدَ أَكْثَرِ أَهْلِ الْعِلْمِ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهم عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْهُمْ أَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ وَعُثْمَانُ وَعَلِيٌّ وَغَيْرُهُمْ وَمَنْ بَعْدَهُمْ مِنَ التَّابِعِينَ وَبِهِ يَقُولُ سُفْيَانُ الثَّوْرِيُّ وَابْنُ الْمُبَارَكِ وَأَحْمَدُ وَإِسْحَقُ لَا يَرَوْنَ أَنْ يَجْهَرَ بِ بِسْم اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ قَالُوا وَيَقُولُهَا فِي نَفْسِهِ

 «Әкем (әйгілі сахаба Абдулла ибн Муғаффал) менің намаз ішінде "Бисмиллаһир рахманир рахим"ды дауыстап айтқанымды есітіп қалып, маған (былай) деді:

-Ей, балам, (сенің істеп тұрғаның) жаңалық (яғни Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сүннетінен тыс бидғат іс). Сен жаңалықтан (бидғаттан) қатаң түрде сақтан. (Язид ибн Абдулла) айтады: Исламдағы жаңалықты, яғни одан тыс бидғатты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының арасында одан (әкемнен) артық жек көретін адамды көргенім жоқ (яғни, әкем де, сахабалар да бидғат істерді аса жек көретін еді). Ол (әкесі) айтты: «Мен Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге, соң Әбу Бәкрмен бірге, соң Ұмармен бірге, соң Ұсманмен бірге намаз оқығанмын. Алайда, олардың бірде-біреуінің оны (Бисмил-лаһир рахманир рахимды дауыстап) айтқанын естіген емеспін. Сен де оны (дауыстап) айтпа! Егер сен намаз оқысаң, "Әлхәмду лиллаһи раббил аламин" де (яғни, осы аяттан бастағын)»- деп әмір қылды.

    Түсінік: Имам Тирмизи бұл хадисті «Хасан» (көркем хадис) дей келіп, оның үкіміне аса білімді сахабалар амал қылғанын айтқан. Олардың ең алғашқы қатарында Әбу Бәкр Сыддық, Ұмар Әл-фаруқ,  Ұсман зүн-нүрайн, Әли кәрәмаллаһу уәжха және олардан да басқа атақты сахабалар бар. Бұл сахабаларға ілескен табиғиндер де, атап айтқанда, Суфян Әс-саури, Ибн Әл-мүбарак, Әхмәд және Исхақ сияқты атақты ғалымдар да "Бисмилла"ның дауыстап айтылғанын естімегендерін, олар тек іштен құпия айтылатынын хабарлаған. Сондықтан осыған амал қылған. "Фатхул қадир" тәпсірінде де дәл осы пікірге сай келетін мағлұматтар келтірілген. Яғни:

 واحتج من قال بأنه لا يجهر بالبسملة في الصلاة بما في صحيح مسلم عن عائشة قالت كان رسول الله صلى الله عليه وآله وسلم يفتتح الصلاة بالتكبير والقراءة بالحمد لله رب العالمين وفي الصحيحين عن أنس قال صليت خلف النبي صلى الله عليه وآله وسلم وأبي بكر وعمر وعثمان فكانوا يستفتحون بالحمد لله رب العالمين ولمسلم لايذكرون بسم الله الرحمن الرحيم في أول قراءة ولا في آخرها وأخرج أهل السنن نحوه عن عبدالله بن مغفل وإلى هذا  ذهب الخلفاء الأربعة وجماعة من الصحابة (فتح القدير)

Мүслимнің сахихінде келтірілген хадисте Айша анамыз былай деген: «Расулұлла (с.ғ.с.) намазды тәкбирмен және «Әлхәмду лиллаһи раббил аламин» қырағатымен ашар еді».

Ал Әнәс бин Малик (р.а.) «Мен Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге, соң Әбу Бәкірмен бірге, соң Ұмармен бірге, соң Ұсманмен бірге намаз оқығанмын. Олар (намазды) "Әлхәмду лиллаһи раббил аламин"мен ашар еді»- деген. Бұған қоса «Сахих Мүслим» кітабында «Олар бисмиллаһир рахманир рахимды қирағаттың басында да, аяғында да дауыстап айтпайтын» деп риуаят келтірген.

   Түсінік: Міне, ғұламаларымыз пікірталасқа ешбір орын қалдыр-майтын дәрежеде осындай күшті дәлелдер ұсынған. Сөйтіп Құрандағы басқа сүрелердің де басталуында қойылған «Бисмил-лаһтар» олардың құрамына қатысты емес. «Бисмиллаһир рахманир рахим» аят ретінде тек «Намл» сүресінің 30- аятында ғана келген деп тұжырымдаған. Соған байланысты барша намаздарда "Бисмиллаһ"тарды құпия оқуға фәтуә берген. Міне соның үшін, Ханафи мазһабындағы хатшылар мен басылымдар тарапынан көшірілген, немесе баспа әдісімен шығарылған Құран нұсқаларында «Фатиха» сүресінің басталарында келтірілген "Бисмиллаһ"қа аят ретінде сандық белгі қойылмаған. Өйткені ол сүренің құрамына қатысты аят емес. Ал басқа мазһабтар қалыптасқан елдерде шығарылатын нұсқаларда, оған аят ретінде бірінші деген сандық белгі қойылған.

 *(5) Әлхәмд сөзі Құранда 25 мәрте қайталанып, олардың бәрі Аллаға хамд-шүкір білдіру мағынасында келген.

    Бұл сөз арабша болғанымен, мұсылман халықтарының тілдеріне біршама еніп, біздің тілімізге де икемді оралатын болған. Дегенмен бұл сөздің дәл мағынасын біржола айқындап беретін немесе оның баламасына сай келетіндей сөзді табу қиындау. Негізінде «Әлхәмд» сөзінің тілдік мағынасы жөнінде ғұламалар мынадай пікір айтады: «Әлхәмд» сөзі тілдік мағынасы жағынан алғанда «мадх» (мадақ) сөзімен синонимдес, яғни, дыбысталуы әртүрлі болғанымен, мағынасы бір-біріне жақын. Бірақ, әрқайсысының өзіне ғана тән мағыналық, әлде пішімдік, ал кейде қолдануда кейбір ерекшеліктері бар. Бұл сөздердің екеуі де мақтау деген мағынаға ие болғанымен, әлхәмд сөзі өзінен шүкір ету мағынасын да қоса аңғартады. Яғни, оны айтқанымызда, «Мадақ пен мақтаулардың ең көркемі тек Аллаға тән (лайық, жарасады)» деген мағына мен бірге «Барша сыйлық еткен нығметтері үшін Алла Тағалаға мыңда-бір шүкір!» деген мағына да қосыла көрінеді. Сонымен қатар, бұл екі сөз «мақтау» деген мағынаның өзінде де ерекшеленіп, хамд сөзі тек Аллаға ғана тәндік ұғымын туындатады. Бұл дегеніміз, біз Тәңір Тағаланы оның кәміл сипаттарымен, мысалы: Жоқтан бар қылатын Жаратушы, теңі жоқ құдірет Иесі, барша нәрсені алдын ала білетін теңсіз Ғалым, ешқашан өлмейтін шегі жоқ Бақи (мәңгі тірі) екенін, тағы басқа да кәміл сипаттарындағы өзіндік ерекшеліктерін қаншама дәріптеп, жетер жеріне дейін жеткізіп мақтап-мадақтауға бар мүмкіндігімізді салып әрекеттеніп бақсақ та, оның үдесінен шыға алмаймыз. Міне, осы ұшан-теңіз ой мен мұқият күрделі ұғымды жалпы бір сөзбен қамту үшін қолданылған арнайы терминдік тұрғыдағы Алланың киелі кәламы (сөзі). Бұл сөздің шарғи мағынасы Тәңір Тағаланы үнемі оның көркем де әсем сипаттарымен дәріптеп, ол сыйлық еткен сан-алуан нығметтері үшін жан тәнімізбен шүкіршілік ету. Бұл жайлы “Нәсәфи тәпсірінде келтірілгендей, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

قال رسول الله صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : "الحمد رأس الشكر ما شكر الله عبد لم يحمده (تفسير النسفي)

 «Әлхәмд шүкіршіліктің басы. Егер пенде (оған сыйлық етілген нығметтер үшін) Аллаға шүкіршілік етпесе, Оған (шын мәнісінде) әлхәмд айтқан жоқ! (яғни айтқан мадағы бекер)»- деген.

     

                 (Жалғасын тәпсір кітабымыздың 1– томынан оқуыңызға болады)

 

 

    Өткен ғасырлардан біздің дәуірімізге дейін ажам тілдерінде жарық көрген Құран мағыналарының тәржімелерінде бірнеше түрлі тәсілдер мен әдістер қолданылғанын көреміз. Оларда қолданылған тәржімелеу тәсілдері мен түсініктеме беру әдістері бір-бірінен ерекшеленсе де, аяттардан шығатын мағыналар бір тектес, яғни олардың түп мағыналарында айырмашылық жоқ. Бұл мәселені түсіну оңай болсын деп, сол қолданылған тәсілдерден бірнеше мысалдар келтірдім.

 

     Біздің мазһабымыз қағидаларына сай тәржімелер:

 

 

                                 І – тәсіл.

Мейірімді де, Рақымшыл Алланың атыменастаймын).

 

     (1-3). Әлхәмд – барша ізгі мадақтар мен мақтаулар (бүкіл) әлемдердің Раббы (Тәрбиешісі , Жарылқаушысы ), Дін (ақырет) күнінің (жекедара) Патшасы Рахман (Мейірімді , әрі) Рахим (Рақымшыл ) Аллаға тән .

    

     (4). (Я, Алла ) Саған ғана құлшылық етеміз (себебі, Сенен өзге Тәңір жоқ). Және (тек) Сенен ғана көмек тілейміз (Өйткені, Сенен өзге жарылқаушы жоқ).

 

     (5). (Я, Алла) бізді сират мұстақимға (тура жолға) сала гөр!

 

     (6-7). ҚаҺарға ұшырамағандар мен азғындыққа салынба-ғандардың, (яғни) Өзің оларға игілік сыйлағандардың жолына.

 

                                 ІІ – тәсіл.

 Мейірімді де, Рақымды Алланың атымен астаймын) .                              

 

     (1-3). Барша мадақтар мен мақтаулар (бүкіл) әлемдердің Раббы, ақырет күнінің Патшасы, Мейірімді де, Рақымшыл Аллаға тән.

 

     (4). (Я, Алла) Саған ғана құлшылық етеміз. Және (тек) Сенен ғана көмек тілейміз.

 

     (5-7). Бізді сират мұстақимға - (яғни) қаһарға ұшырамаған-дар мен азғындыққа салынбағандардың, Өзің оларға игілік сыйлағандардың (тура) жолына сала гөр! 

 

                                 ІІІ – тәсіл

 

Мейірімді де, Рақымшыл Алланың атымен астаймын). 

 

   (1). Әлхәмд - барша ізгі мадақтар мен мақтаулар (бүкіл) әлемдердің Раббы  – Аллаға тән.

 

   (2). (Ол) Рахман (Мейірімді, әрі) Рахим (Рақымшыл).

 

   (3). (Және Ол) Дін (ақырет) күнінің (жекедара) патшасы.

 

   (4). (Я, Алла) Саған ғана құлшылық етеміз. Және (тек) Сенен ғана көмек сұраймыз. 

 

   (5). (Я, Алла) бізді (өзіңнің ризалығыңа жеткізетін) сират мұстақимға (Ислам жолына) сала гөр!

 

   (6-7). Өзің оларға нығмет (һидаят) сыйлағандардың жолына. (Пайғамбарларына қарсы келіп) қаһарға ұшырағандар мен (кітаптарын бұрмалап) азғындыққа салынғандардың (бұрыс жолдарына) емес. 

 

 

    Түсінік: Бұл келтірілген тәржімелерде бірнеше түрлі тәсілдер мен сөздер қолданылса да, аяттардан шығатын жалпы мағына бірдей.

 

       Өзге мазһабтардың қағидаларына сай тәржімелер:

                 Солардан бірі.

   (1). Мейірімді де, Рақымды Алланың атымен бастаймын.

 

   (2). Барша мадақтар мен мақтаулар (бүкіл) әлемдердің Раббы  – Аллаға тән.

 

   (3). (Ол) Рахман (Мейірімді, әрі) Рахим (Рақымшыл).

 

   (4). (Және Ол) Дін (ақырет) күнінің (жекедара) патшасы.

 

   (5). (Я, Алла) Саған ғана құлшылық етеміз. Және (тек) Сенен ғана көмек сұраймыз. 

 

   (6). (Я, Алла) бізді (өзіңнің ризалығыңа жеткізетін) сират мұстақимға (Ислам жолына) сала гөр!

 

   (7). Өзің оларға нығмет (һидаят) сыйлағандардың жолына. (Пайғамбарларына қарсы шығып) қаһарға кезіккендер мен (кітаптарын бұрмалап) азғындыққа салынғандардың (бұрыс жолдарына) емес. 

   

    Түсінік: Өзге мазһабтардың тәржіме тәсілдеріне осы бір мысалдың өзі жеткілікті сияқты. Себебі, онда қолданылған тәсілдің кейбір өзгешілігіне қарамай, аяттардан шығатын жалпы мағына бірдей. Біздің мазһаб пен өзге мазһабтар қолданған тәсілдердегі ерекшелік тек аяттарға қойылған сандық белгілерде ғана.

 

    Сүренің мағынасына қатысты түсінік: Пендені сират мұстақимға салу тек Алланың еркінде. Егер Алла пендесін тура жолға бағыттамаса, пенде өздігінен тура жолға түсе алмайды. Сон-дықтан, пенде Тәңір Тағаладан тура жолға салуын тілеп үнемі жалбарынуы қажет. Сүреде Аллаға қалайша жалбарыну қажеттігі және оған қатысты ең басты қағидалардың бірі баяндалған.

 

     «Фатиха» сүресін оқып болған соң, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай «Ә′мин» *(19) (қабыл ете гөр) деп дұға жасалынады.

 

      Бұл сүренің қасиеттері мен ерекшеліктері, оның атаулары мен сипаттары жайлы өте көп хадистерде риуаят етілген. Олардың негізінде көптеген тәпсір кітаптары жазылған. Алла баршамызды жарылқап, бұл ұлық сүренің рухани шуағынан нәр алу бақытына жеткізгей! Ә′мин.

 

Подпись: